Placeholder
Фото: ашық көздерден
Новости Казахстана19 сентября 2023, 3:15

Қазақстан мен Финляндия басшысы БҰҰ-ны реформалау жөнінде де пікір алмасты

Мемлекет басшысы Финляндия президенті Саули Ниинистёмен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қасым-Жомат Тоқаев Финляндияны Қазақстанның Солтүстік Еуропа елдері арасындағы ең ірі сауда серіктесі және инвестиция көлемі бойынша оның алдыңғы орында екенін атап өтті.

Сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты одан әрі нығайу үшін зор әлеует бар екені айтылды.

Саули Ниинистё Қазақстан Финляндияның аса маңызды серіктесі және екіжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша өзара тиімді ықпалдастықты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.

Тараптар халықаралық саясаттың өзекті мәселелері, соның ішінде БҰҰ-ны реформалау жөнінде де пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Финляндия Президентін келесі жылы өтетін Астана халықаралық форумының негізгі спикерлерінің бірі ретінде Қазақстанға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саули Ниинистё Финляндия президенті

Новости по теме