Placeholder
Фото: МКС РК
Новости Казахстана26 мая 2023, 19:50

Қазақстан мен Египет арасында визасыз режим енгізілуі мүмкін

Мысыр Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Манал Эль Шиннави еліміздің мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловпен кездесті, деп хабарлайды Arbat.media.

Кездесу барысында мәдениет және туризм салаларындағы бірлескен іс-шаралар мен ынтымақтастық мәселелерін талқыланған.

Биыл елімізде Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығы кең көлемде аталып өтуде. Ұлы тарихи тұлғаның мерейтойына арналған іс-шаралар бүкіл Қазақстанда өтіп жатыр. Таяу күндері қазақстандық делегация «аз-Захир Бейбарыс» мешітінің ашылуына және Бейбарыс сұлтанға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін Мысырға аттанады, - деді министр. 

4 маусымда Каирде қазақстандық артистерінің қатысуымен гала-концерт және Мысырдағы Қазақстанның мәдени күндері аясында қолданбалы өнер көрмесі өтпек.  Сондай-ақ, биыл қараша айында екіжақты Үкіметаралық комиссияның VI отырысын өткізуді көзделген.

Эль Шиннави ханым өз кезегінде ҚР Ұлттық музейінде мамлюк кезеңіндегі ислам мәдениетінің көрмесін өткізу туралы ұсыныс айтты. Мысырлық серіктестеріміз іс-шараны биыл ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Мен бұл бастаманы іске асыруға жәрдемдесуге дайын екенімді білдірдім. Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы бөлек әңгімелестік. Кездесу барысында қос мемлекет арасындағы тікелей әуе рейстерінің санын арттыру бағытында іс-шараларды пысықтауды ұсындым, - деді кездесуден кейін Асхат Оралов. 

Мысыр елшісі қазақстандық туристер арасында ең танымал үшінші бағыт екенін атап өтіп, 14 күндік өзара визасыз режимді енгізуге қызығушылық білдірген.  Қазақстанда Мысырдан келген қонақтарға ұсынуға болатын, оның ішінде еліміздің туристік секторындағы инвестициялық жобалар алда кеңінен қарастырылуы мүмкін. 

Асхат Оралов министр Египет

Новости по теме