Placeholder
Фото: vsobolev.com
Новости Казахстана17 апреля 2023, 14:04

Қарағандыда өзінің құқық бұзу әрекетін бейнекамераға түсірген жүргізуші ұсталды

Облыстық патрульдік полиция полкінің жеке құрамының жедел-іздестіру іс-шаралары барысында өзінің құқық бұзу әрекетін бейнекамераға түсірген 20 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында жол жүру ережесін бұзып, оны бейнекамераға түсірген жүргізушінің бейнежазбасы анықталды.

ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-тармағы және 606-бабының 1-тармағына қатысты хаттама толтырылып 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Қарағанды жұмыссыз құқық бұзу жүргізуші

Новости по теме