Новости Казахстана17 апреля 2023, 19:12

Қарағанды облысы: ауа райының қолайсыздығына байланысты 63 адам эвакуацияланды

17 сәуірге қараған түні Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелері автожолдарда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 63 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қызылорда – Павлодар автожолының 1024 шақырымында Қарағанды – Өскемен бағыты бойынша жүріп бара жатқан жолаушылары бар автобус жол жиегіне шығып кеткен. Қарағандыдан 50 шақырым жерде болған. Құтқарушылар ол жерге дереу жетіп, автобустан Қарағандыға 38 адамды эвакуацияланды.

Алматы – Екатеринбург автожолының 1046 шақырымында, Теміртаудан 12 шақырым жерде техникалық ақау салдарынан тұрып қалған автобустан Қарағанды облысы ТЖД күшімен Теміртауға 25 адамды эвакуацияланды. Автобус Астана – Шымкент бағыты бойынша жүріп бара жатқан.

Ауа райының нашарлауына байланысты автокөлік құралдарының қозғалысы автожолдардың бес учаскесінде шектелген:

- Екатеринбург – Алматы, 1353–1426-шы км, Ақмола облысының шекарасы – Теміртау қаласының төлем қабылдау пункті;

- Қарағанды – Аягөз – Бұғаз, 17–217 км, Қарағанды қаласы – Қарқаралы қаласы;

- Астана – Қабанбай-батыр – Нұра – Теміртау, 51–266 км, Ақмола облысының шекарасы – Теміртау қаласы;

- Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара, 231–324-ші км, Павлодар облысының шекарасы – Ботақара кенті;

- Қызылорда – Павлодар, 967–1135 км, Қарағанды қаласы – Павлодар облысының шекарасы.

Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелері автожолдар эвакуация

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!