Новости Казахстана13 апреля 2023, 15:28

Қаңтар оқиғасынан көрінбей кеткен Асқар Мамин Ташкентте марапат тапсырды

Қаңтар оқиғасы кезінде қызметінен кетіп, көрінбеген Асқар Мамин Ташкентте хоккейшілерге марапат тапсырды, деп хабарлайды Arbat.media. 

Экс-премьер-министр Ташкентте өткен Қазақстан чемпионатының  2022/23 жылғы маусымының жабылу салтанатына қатысқан. Өзбек жерінде өткен шараға еліміздің хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин Өзбекстан хоккей федерациясының президенті Бахтиер Фазыловпен бірге бой көрсетті. 

Шара барысында экс-премьер Ташкенттегі ел чемпионатының жабылуында үздік ойыншыларға марапат табыстаған сәтін ҚР Хоккей федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Ал Қазақстан чемпионатының жабылу маусымын өткізу орны ретінде неліктен Ташкенттің таңдалғаны әзірге белгісіз. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Qazaqstan Hokei Federasiasy (@kazakhstanhockey)

Премьер-министр болған Асқар Мамин қаңтар оқиғасы кезінде отставкаға кетіп, орнына Әлихан Смайылов бекітілді. Кейін Маминнің бірқатар лауазымды қызметте болған шенеуніктермен мейрамханада түскен суреті жария болған. Бұған қатысты пікір білдірген ол "сырға салу рәсімінде болған кездесу" деп атаған еді. 

 

Асқар Мамин спорт Хоккей ташкент

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!