Новости Казахстана31 мая 2023, 22:52

Қайрат Сатыбалдының 14 миллион доллары мемлекетке өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлының Біріккен Араб Әмірліктерінен жалпы сомасы 14 млн АҚШ долларын қайтарды, деп хабарлайды Arbat.media.

Агенттік  басқа да адамдарға қатысты жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру аясында елден заңсыз шығарылған активтерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын және өзге де мүлікті қайтаруды қолға алған.

Мамыр айының соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ететін Бас прокуратурамен бірлесіп, Біріккен Араб Әмірліктерінен Назарабевтың немере інісіне қатысы бар 14 млн АҚШ долларын мемлекет иелігіне өткізді. 

Аталған қаражат алдағы уақытта мемлекет кірісіне айналдырылып, әлеуметтік мақсаттарда пайдаланылатын болады.

Қылмыстық қудалау басталғаннан бері мемлекетке заңсыз сатып алынған Қ.Сатыбалдыұлы және онымен байланысты тұлғалардың 464 млрд теңгеден астам сомаға мүліктік активтері мен ақшалай қаражаттары қайтарылды. Оларға әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, сәнді көліктер, қолма-қол ақша, акциялар мен компаниялардың үлестері, сондай-ақ теміржол кіреді, - деді Антикордың баспасөз қызметіндегілер. 

Сонымен бірге, агенттік өкілдері заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатқанын жеткізді. 

Қайрат Сатыбалды Антикор БАӘ

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!