Новости Казахстана31 января 2023, 19:34

Қайрат Сатыбалдыға қатысы бар ресейлік әйел туралы дерек белгілі болды

«Выход к морю» телеграм-арнасы Қайрат Сатыбалдыға қатысы бар ресейлік әйел туралы дерек жариялады.  Оның аты-жөні Марсела Александровна Нұрсұлтан екені анықталған, деп хабарлайды Arbat.media.

2022 жылдың қыркүйек айының соңында экс-президен Нұрсұлтан Назарбаев немере інісі Қайрат Сатыбалдыға қатысты сот үкімі оқылардан бұрын желіде бейнежазба тарады. Онда Қайрат Сатыбалды өзінің туыстарымен және адвокаттарымен бейнебайланысқа шығып, сөйлескен. Бейнежазба барысында айыпталушы белгісіз келіншекпен аз-кем тілдеседі. Әңгіме барысында оның Қайрат Сатыбалдының әйелдерінің бірі екені бірден байқалды. 

Бұл туралы "Выход к морю" телеграм-арнасы бірталай деректерді келтірген. «Қазақстандық БАҚ-та оның төрт әйелінің аты-жөні айтылады. Дубайдағы пәтерлер сөз болғанда төртеудің екеуі – Әсел Бақтиярқызы мен Саида Қанатбекқызы туралы жазғанбыз. Бірақ бұл келіншек Әсел де, Саида да емес. Басқа екі әйеліне де қатысы жоқ...» дегенді алға тартады.   

Анықталған ақпарат бойынша бейнежазбада көрінген әйелдің толық аты-жөні- Марсела Александровна Нұрсұлтан. 

Телеграм-арна ол туралы Ресейдің қауіпсіздігі әлсіз жеке мәліметтер базасынан анықтағанын айтады. Қытайдың Great Export Import платформасында қазақстандықтардың Дубайда жасаған келісімдерін зерттеу барысында Марсела Александровна Нұрсұлтанның аты-жөні кездескен.  

2021 жылдың наурыз айында Марсела Нұрсұлтан Дубайдан 50 мың долларға көлік сатып алса керек. Сатып алушы өзінің жеке аккаунтын өшіргенімен, базада сатушының мәліметі сақталып қалған. Соған қарағанда, ол өзіне қатысты деректерді жойып отырған болуы мүмкін. Алайда аккаунттарының бірі желіде қалып қойған. 

«Марселаның әкесінің атына қарап отырып оның Қайратқа қаны бір туыс емес екенін байқауға болады. Осы ретте бізге ресейлік мәліметтер базасынан шығып кеткен деректер де көмектесті. Марсела Александровна Нұрсұлтанның тегі бұған дейін Мартиросян болған, ал түпкі тегінің атауы – Александрова болған. Ол 1987 жылы 26 қарашада Калмыкияның Городовиковск деген шағын қаласында дүниеге келген. Бірталай уақыт Ставропольде тұрып, кейін Мәскеуге көшіп келгенқоныс аударады. Марсела Александрова-Мартиросян-Нұрсұлтанның бір адам екені жалпы сақтандыру нөмірі, салықтөлеушінің нөмірі және ресейлік паспорт деректерінен анық көрінеді. Туған жері мен тіркелген жері де бір, - деп жазады аталған телеграм-арна. 

Айта кетерлік бір жайт, 2019 жылы Қайрат Сатыбалдының әйелі Mercedes GLA 250 и Toyota Corolla көліктерін сатып алған. Арада бір жыл өткенде аталған көліктер Нұрсұлтан деген тек иесіне ауыстырылды. Көлік жүргізушісі Марсело екі жылда 20 мың теңге айыппұл төлеген. Сонымен бірге, Мәскеудің Раменка өзені жағасында 272 шаршы метрлік пәтерге ие болған. Жылжымайтын мүліктің кадардастрлық құны 94 миллион рубльді құраса, нарықтағы бағасы 150 миллион рубльді маңайлайды. Тағы бір айта кетерлік жайт, бұл баспана Мәскеу мемлекеттік университеті мен Сталиннің саяжайына жақын жерде орналасқан. 

Калмыкияда дүниеге келген Марсела Нұрсұлтанның әлеуметтік желідегі аккаунттарын өшірілгенімен, оның "ВКонтакте" желісіндегі жойылған аккаунтынан фотоларын мамандар шығарып алған. 

2022 жылдың күзінде Қайрат Сатыбалды мемлекет қаржысын жымқырды деген айыппен алты жылға сотталған болатын. Ол өзіне тағылған айыпты мойындап, тиісті мөлшердегі қаржыны кері қайтарды. 

 

 

Қайрат Сатыбалды Марсела Александровна Нұрсұлтан Әйел Байлық

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!