Placeholder
ІІМ
Новости Казахстана7 апреля 2023, 15:37

Психотроптық заттарды жасырып кетумен айналысқан 20 жастағы қарағандылық қыз ұсталды

Қарағанды қаласында психотроптық заттарды қойып кетумен айналысқан 20 жастағы күдікті қыз ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.

ІІМ хабарлауынша, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері қаладағы Гоголь көшесіндегі үйлердің бірінің жанында есірткі сақтау және өткізу қылмысына күдікті ретінде бойжеткенді ұстаған.

Тінту барысында одан ұнтақ заты бар 6 байлам тәркіленді. Ол тұратын пәтерді тексеру кезінде полицейлер тағы да 50 орамды тапты. Сондай-ақ күдікті көрсеткен жерден тағы 2 орам алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес, орамда жалпы салмағы 4 грамм болатын психотроптық препарат болған, деп жазылған ақпаратта. 

Қазір қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ал күдікті ретінде ұсталған қыз бала бірден қамауға алынған. 

 

Қарағанды Есірткі Күдікті Қоғам

Новости по теме