Новости Казахстана7 июня 2023, 14:46

Прокуратура "KAZ Minerals Aktogay" компаниясынан 8 млрд теңгенің салығын қайтарды

Алматы қаласының прокуратурасы "KAZ Minerals Aktogay" ЖШС-нің тексеру барысында салықты төмендету дерегін  анықтады, деп хабарлайды Arbat.media.

Анықтау барысында аталған салық төлеуші жыл сайын KAZ Minerals Aktogay Finance Limited холдингтік компаниясына дивидендтер төлегені әшкереленді.

Салық заңнамасының талаптарына сәйкес құн өсімінен түскен табыстар, дивидендтер, сыйақылар, роялти төлем көзінен 15% мөлшерлемесі бойынша салық салуға жатады. Алайда, салық есептілігін зерттеу, ЖШС жыл сайын 2018-2022 жылдар аралығында талап етілетін 15% -дың орнына 10% мөлшерлемесі бойынша салық ұстап, резидент емеске қатысты сыйақы төлегенін көрсеткен.

Прокуратураның талабы бойынша салық органы ЖШС қызметінде корпоративтік табыс салығын есептеу мен төлеудің дұрыстығын тексеру жүргізген. Аталған деректер толық расталып, 8,2 млрд теңге көлемінде қосымша салық есептелді.

Соның нәтижесінде салық төлеуші көрсетілген соманы мемлекет кірісіне толық көлемде төлеп, мемлекет мүддесі қорғалды.

"KAZ Minerals Aktogay" Прокуратура салық

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!