Новости Казахстана12 апреля 2023, 16:55

Павлодар облысы: жол апатынан 2 жасар бала қайтыс болды

9 сәуір күні сағат 20:30 шамасында Павлодар облысының автожолында екі көлік соқтығысты. Салдарынан 2 жасар бала оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Ақсу қаласының маңындағы Ленинский-Курчатов және Ақсу-Үштерек автожолдарының қиылысында Toyota Corona және Audi-80 соқтығысты. Салдарынан 2021 ж.т. Audi-80 автокөлігінің жас жолаушысы көз жұмды.

Audi-80 жүргізушісі, 29 жастағы және 28 жастағы жолаушылар жарақат алып, Ақсу қаласындағы ауруханаға жатқызылды.

Автокөліктер айып тұрағына қойылды. ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Павлодар облысы Көлік Жол апаты Тергеу

Новости по теме