Новости Казахстана6 февраля 2023, 5:08

Париждегі турнирде қарсыласын тістеп алған Қазақстан спортшысы мәлімдеме жасады

Парижде өткен Гранд Слэм турнирінде қарсыласының аяғынан тістеп алған қазақстандық Әйгерім Әбілқадырова өзінің оғаш әрекетіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Arbat.media.

3-5 ақпан күндері Парижде дзюдодан өткен Гранд Слэм бәсекесінде Әйгерім Әбілқадырова 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен. Алайда ол бірінші белдесуінде Бельгия спортшысы Ван Сник Чарлинге есе жіберіп, сол сәтте оның аяғынан тістеп алды.

Бельгия спортшымен күрескенде ол менің қолынды қайырып, ауырту әдісімен басым түсті. Сол сәтте мен оған белгі бердім. Алайда ол оны елемеді. Бұдан кейін менің қолымның буын тұстарының қатты ауырғанын сезіндім. Төреші де мән бермеді. Менің «диванда жатып сынайтындарға айтарым, батылын жетсе менің өзіме айтыңдар, - деді әлеуметтік желіде бейнежазба жариялаған Әйгерім Әбілқадырова.

Arbat.media бұған дейін Париждегі турнирде қарсыласының аяғын тістеп алған отандық спортшы туралы жазған болатын. Аталған бәсекеде Қазақстан спортшылары арасында 48 келіде Абиба Әбужақынова мен ерлер санатында 73 келіде Данияр Шамшаев қола жүлдегер атанды.

Әйгерім Әбілқадырова Дзюдо Париж Қазақстан

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!