Новости Казахстана24 апреля 2023, 22:44

Өзбек атынан күрескен қазақ спортшысы Қазақстанға неліктен келмегенінің себебін айтты

Өзбекстан атынан грек-рим күресі бойынша Рио Олимпиадасында жүлдегер атанған этникалық қазақ Елмұрат Тасмұратов Қазақстанға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.

Бүгінде АҚШ-та бапкерлік қызмет атқарып жүрген спортшы Қазақстан құрамасында өнер көрсету арманы  болғанымен неліктен шақырту түспегеніне қатысты Вassport.kz-ке берген сұхбатында жауап берді. 

Бір жағынан, "любимчик" болмадық, сымбатты болмаған шығармыз. Спортта түрге де, жүріске де қарайды. Сөйте тұра өз басым мектеп-интернатта оқығаныма қуанымын. Шымкентте жүріп көп нәрсені үйрендім, бізді өмірге тәрбиеледі. Әкем «сенен бөлек тағы бес балам бар, оларды да асырауым керек» деп, ақшаны тек жолыма жететіндей ғана етіп беретін. Демалыс күндері көлік жуып, өзімізше табыс табатынбыз, деді Елмұрат Тасмұратов. 

Сонымен бірге, ол грек-рим күресі бойынша кеңесші ретінде елге келу туралы ұсыныс түссе бармайтынын атады. 

Елмұрат Тасмұратов Рио Олимпиадасында 59 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанған. Сонымен бірге, әлем біріншілігінің үш дүркін жүлдегері әрі Азия чемпионатының бес дүркін жеңімпазы атанған. Ол Өзбекстанда туып, Шымкенттегі спорт мектебінде білім алды. Кейін өзі туған елге оралып, сол елдің атынан үш Олимпиада Ойындарына қатысқан этникалық қазақ спортшысы. 

Елмұрат Тасмұратов Өзбекстан Қазақ Грек-рим күресі

Новости по теме