Placeholder
Новости Казахстана9 июня 2023, 14:22

Өткен аптада азық-түлік бағасында өзгеріс байқалды

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға өткен аптада 0,1%-ға, ал жылдық мәнде 10%-ға өсті, деп хабарлайды Arbat.media.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.

Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып, бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналған. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.
 
Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы 6 маусымдағы көрсеткіш бойынша
айран 2,5% – 412 тг/л, күнбағыс майы – 829 тг/л, сәбіз – 175 тг/кг болған. 

Азық-түлік Қазақстан Қоғам

Новости по теме