Новости Казахстана17 апреля 2023, 16:51

Осы жылдан бастап мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жалақысын мемлекет субсидиялайды

Биылдан бастап мүмкіндігі шектеулі азаматтардың бірінші жылы алатын жалақысының 70 пайызын, екінші жылы - 65 пайызын және үшінші жылы 60 пайызын мемлекет субсидиялайды, деп хабарлайды Arbat.media.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ордабаев Олжастың хабарламасы бойынша ерекше қажеттілігі бар тұлғалар үшін жұмыс орнын жабдықтап, жұмыс орнын құрған жұмыс берушінің шығындары өтеледі.

Биылдан бастап жұмыс берушілердің шығындары 1 000 000 теңге мөлшерінде өтеледі. Оған қоса жұмысқа алынатын мүгедектігі бар адамдардың жалақысын мемлекет 3 жылдың ішінде субсидиялайды, - деп түсіндірді Ордабаев Олжас баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша бұл екінші тетік қайта қаралып, күшейтілген.

Қазіргі кезде жұмыспен қамту үш бағытта іске асырылып жатыр. Бірінші, жұмыс орындарын квоталау тетігі. Яғни мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының санынан 2 пайыздан 4 пайызға дейін мөлшерде жұмыс орындарына квота белгіленеді. Екінші, ерекше қажеттілігі бар тұлғалар үшін арнайы жұмыс орындарын құру. Бұл тетік 2018 жылдан бастап халықаралық тәжірибе негізінде іске асырылып келеді, - деді вице-министр.

 

мүмкіндігі шектеулі азаматтар жалақы субсидия жұмыс орындары

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!