Өскеменде азық-түлік дүкеніндегі өрт шығы 30 адам эвакуацияланды
Өскемен қаласында азық-түлік дүкенінде болған өрт кезінде 30 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Arbat.media.
Төтенше оқиға 22 маусымда сағат 04.40-та Сәтбаев даңғылында тіркелген. Дүкен он қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқандықтан тұрғындарды сыртқа шығаруға мәжбүр болған. Ал өрт кезінде сауда жабдықтары мен азық-түлік өнімдері жанды.
Оқиға орнына келген ШҚО ТЖД қызметкерлері баспалдақ арқылы 30 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялағаны мәлімдеді.
Өрт сағат 05.40-та 25 шаршы метр алаңда сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 35 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылды, - деді өңірлік ТЖД мамандары.
Тілсіз жаудың шығуының алдын ала себептері: электр жабдығының авариялық жұмыс режимі және электр жабдығын орнату мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан болып отыр.