Новости Казахстана30 сентября 2023, 12:20

Оралда 11 Ауғанстан азаматы ұсталды

Көші–қон заңнамасын бұзып Орал қаласына кірген Ауғанстанның 11 азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

ҚР ІІМ баспасөз қызметі:

Ауғанстан азаматтарының құжаттарын тексеру барысында екеуінің визасының мерзімі асып кеткені анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Екі Ауғанстан азаматы бұрын Қазақстан аумағынан күштеп шығарылғаны белгілі болды. Олар Орал қалалық ПБ қабылдап-тарату орнына орналастырылды.

Шетелдік азаматтарға қатысты Батыс Қазақстан облысының аумағында болу себептерін анықтау мақсатында тексеру шаралары жүргізілуде.

орал Ауғанстан Көші-қон заң бұзу

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!