Новости Казахстана25 мая 2023, 20:15

Нығматулиннің көмекшісі президент әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

Парламенттің Мәжілісінің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің бұрынғы көмекшіс президенті әкімшілігінің өңірлер бойынша кураторы болып тағайындады, деп хабарлайды Arbat.media.

Берік Жәкенов Amanat партиясының елордалық филиалының төрағасы қызметінен босатылып отыр. Ол президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып бектілді.

Белгілі болған дерек бойынша Жәкенов бір айдан бері аталған жаңа лауазымға тағайындалған. 

Б.Жәкенов партияда жұмыс істегенге дейін 2022 жылдың ақпан-шілде айлары аралығында елорда әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Сондай-ақ, 2019-2022 жылдары Астанадағы Есіл ауданының әкімі, 2016-2019 жылдары Астана әкімі аппаратының басшысы лауазымын атқарды. 

Сонымен бірге, ол 2007-2009 жылдар аралығында Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулиннің көмекшісі болып жұмыс істеген еді. Нығматулин 2009 жылдан 2012 жылға дейін "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған кезде, Жәкенов 2010-2011 жылдар аралығында партия хатшылығының меңгерушісі болып жұмыс істеген болатын.

Нығматулин Президент әкімшілігін 2014 жылдың сәуірінен бастап басқарған тұста Жәкенов 2015 жылдың сәуірі мен тамызы аралығында әкімшілік басшысының Хатшылық меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

Берік Жәкенов Әкімшілік Инспектор

Новости по теме