Назарбаевтың келіні қымбат алқасымен елді қайран қалдырды
Дариға Назарбаеваның келіні 181 мың долларлық ерекше алқасымен көпшілікті таң қалдырды, деп хабарлайды Arbat.media.
Әлеуметтік желіде еліміздің экс-президенті Н.Назарбаевтың жиені Нұрәли Әлиевтің әйелі Аида Имашева құны 80 миллион теңгелік Jacob & Co алқасымен түскен суретін жариялады. Аталған зергерлік дүкені тек тапсырыспен әшекей дайындайтындығымен ерекшеленеді. Cerastes Necklace топтамасының алқасы ақ түсті алтын мен қызыл рубин және лағыл тастарын қосып есептегенде 181 мың АҚШ долларын бағалаланады.
Аиданың әкесі Берік Имашев ұзақ жылдар бойы әділет министрі, орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымын атқарған. Оның күйеуі Нұрәли Әли марқұм Рахат Әлиев пен Дариға Назарбаеваның ортақ некесінен туған. Екі жас 2003 жылы отау тігіп, кейін бірнеше баланың ата-анасы атанды.