Placeholder
Новости Казахстана27 сентября 2023, 15:00

Нарынқолда 6 оқушыны көлік қағып кетті

Алматы облысының Нарынқол ауылында жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева:

Көлік қағып ауыр жарақат алған оқушылар Нарынқолдағы ауруханаға жеткізілді. Облыстағы дәрігерлер шұғыл түрде консилиум өткізіп, нақты емдеу шараларын жүргізіп, балалардың хәлі бір қалыпқа келгеннен кейін облыстық ауруханаға ауыстырды.

Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасының директор орынбасары Асқар Қалиев:

Қазір аурханада бес бала жатыр, біреуі жансақтау бөлімінде, төртеуі травмотологияда.  Науқастардың беті бері қарады. Олардың жарақаты ауыр болды; аяқ-қолы сынған. Ота жасалып, сүйектері қалпына келтірілді. Емделіп жатыр, –деді 

нарынқол Жол апаты Оқушылар

Новости по теме