Мәжіліс сайлауында алты партия Парламент құрамына енеді
"Қазақстан" арнасында өткен телемарафон барысында экзит-полл нәтижесі жария болды, деп хабарлайды Arbat.media.
Еуразиялық интеграция институты дайындаған Exit poll нәтижесінде "AMANAT" партиясына республика бойынша сайлаушылардың 53,46% дауысына жинаған.
Алдағы Мәжілістің жаңа құрамында енді алты партия жұмыс істеуі тиіс. Олардың қатарында:
*"Amanat" партиясы - 53,46%;
*"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 10,52%;
*Respublica партиясы - 8,90%,
*"Ақ жол" демократиялық партиясы - 7,87%;
*Қазақстан халық партиясы (ҚХП) - 6,25%;
*Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) - 5,31%;
*"Байтақ" жасылдар партиясы - 3,22%;
*Бәріне қарсылар - 4,47%.
Биылғы сайлауда партиялардың мәжіліске өтуіне қажет дауыстың төменгі шегі 7 пайыздан 5 пайызға төмендетілген. Бұл ретте Exit poll нәтижесі бойынша белгілі болған бес пайыздан жоғары жинаған алты партия Мәжілістің жаңа шақырылымында жұмыс істеуі әбден мүмкін. Әзірге ОСК ресми нәтижені жариялаған жоқ.