Placeholder
Фото: kapital.kz
Новости Казахстана12 апреля 2023, 18:16

Мәжіліс депутаты: журналистер мен блогерлерді әскерге шақыру керек

Мәжіліс депутаты Константин Авершин қоғамға Қазақстан Қарулы күштері қатарынан репортаждар ұсыну мақсатында журналистер, блогерлер, пікір көшбасшыларын және басқа да мүдделі тұлғаларды әскерге жіберу керектігін айтты, деп хабарлайды Arbat.media.

Ол туралы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа жолдаған сауалында айтты. Депутаттың пікірінше, Қарулы күштерінің жағдайы туралы әртүрлі пікір бар. Халық Қазақстан Қарулы Күштеріндегі жағдай туралы жақсы хабардар болуға тиіс.

Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, «Қазақстанның жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» заңға сәйкес (кейінге қалдыру не басқа да негіздер бойынша) әскери бөлімдерде тиісті әскери-дәрігерлік комиссияны өткеннен кейін әскерге шақырылмаған азаматтады мерзімді әскери қызмет өтеу шарттары негізінде ерікті тәртіппен әскерде (1-3 ай) болу мүмкіндігін пысықтау қажет. Бұл шара әскери қызмет туралы шынайы ақпарат таратқысы келетін мүдделі тұлғалар, яғни блогерлер, журналистер, қоғамдық пікір көшбасшыларына мүмкіндік беріп, олар әскердің атмосферасын сезіне алады. Қоғамға Қазақстан Қарулы күштері қатарынан репортаждар ұсынылады, - деп айтты Мәжіліс депутаты.

Депутаттың ойынша олар әскери қызметтің барлық қиындығы мен ауыртпалығын сезінеді.

Осылайша, әскери қызмет туралы ақпарат тарататын тұлғалардың жауапкершілігі де артады. Сондай-ақ бұл шара қандай да бір жағдайға байланысты отан алдындағы борышын өтемеген, қолында автомат ұстамаған адамдарға алғашқы әскери дайындықтан өтуге мүмкіндік береді. Қазақстан Қорғаныс министрлігіне осы мәселені қарауды, нормативтік-құқықтық актілерге, Қорғаныс министрлігінің бұйрықтарына тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар дайындауды, қажет болса, азаматтардың әскери жиындардан өтуіне қатысты жаңа бұйрықтар әзірлеуді ұсынамын, - деп түсіндірді Авершин.

Әскер Журналист блогер депутат

Новости по теме