Placeholder
Кадр видео Азаттык
Новости Казахстана19 января 2023, 17:00

Мәжіліс депутаты Украинадағы соғыс пен Путинді ашық қолдайтынын айтты

Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев Ресей саясатын қолдайтынын айтып пікір білдірді, деп хабарлайды  Arbat.media  Радио Азаттык-қа сілтеме жасап.

Әбілдаев Путинді қолдайтынын ашық айтып,  Киевте "ұлтшылдардың" жиналғанын мәлімдеді.  Ол "Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары. Алайда Әбілдаевтың партиядағы әріптестері оның ұстанымын "жеке пікірі"деп атады. 

Қазақстандық депутаттың пікіріРесейдің насихаттауына өте ұқсас. Журналист Әбілдаевтан соғысты қолдайтыны туралы сұраған болатыны. Бұған жауап берген Мәжіліс депутаты Ресей Федерациясына салынған санкциялар "бүкіл әлемнің емес, тек АҚШ-тың енгізгенә" дегенді алға тартты. 

"Ақ жол" партиясының Ресейдегі одақтастары ЛДПР деп аталады. Ол партияны ұзақ жылдар бойы марқұм Владимир Жириновский басқарған еді. Ресейлік саясаткер көзі тірісінде Украинаның төртке бөлініп, ыдырайтынын болжаған.

2022 жылдың 24 ақпанында Ресей әскері Украина аумағына басып кірген болатын. 1-15 қаңтар аралығындағы Ресей шабуылы кезінде Украинаның 104 бейбіт тұрғыны қаза болды. 

 14 қаңтар Ресей атқан зымыран Днепрдегі көпқабатты үйге құлады. Алайда бұған қатысты айыпты ресми Кремль жоққа шығарды. 

Соғыс басталған уақытта Ресей билігі елде мобилизация жасау жоспарының жоқтығын атаған. Алайда қыркүйектің 21-і күні Владимир Путин елде жаппай мобилизация басталғанын жариялады.

 Бұдан бөлек, АҚШ-тың соғысты зерттеу институты (ISW) РФ басшысы Владимир Путиннің жасырын түрде мобилизация жүргізу жағдайын жасайтынын болжаған. 

 

Новости по теме