Placeholder
Новости Казахстана4 сентября 2023, 9:30

Мас досының кесірінен ажал құшты

Ақтөбе тұрғыны сыра ішіп алып, досын көлігімен әуежайға апарамын деп, жол апатына ұшыраған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ақтөбенің Сәңкібай батыр даңғылында 34 жастағы Nissan XTrail жүргізушісі бұрылған кезде қарсы келе жатқан көлікке жол бермей, жол белгісі мен қоршауға соғылған.

Nissan XTrail көлігінің жүргізушісі ауруханаға түсті, оның әуежайға алып бара жатқан жақын досы, атыраулық азамат оқиға орнында мерт болды. Nissan жүргізушісі көлікті мас күйінде басқарған, рульге отырмас бұрын досымен сыра ішкен. Ішімдіктің кесірінен әуежайға баратын жол өлімге соқтырды. 

Жол-көлік оқиғасына кінәлі азамат үш жылға сотталып, 10 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Жол апаты өлім Оқыс оқиға Ақтөбе

Новости по теме