Новости Казахстана1 июня 2023, 17:51

Маңғыстауға зиярат етуге келген алматылық азамат жоғалып кетті

Алматыдан Маңғыстауға зиярат етуге келіп жоғалып кеткен. Оны қазір туыстары таба алмай отыр, деп хабарлайды Arbat.media.

Алматының 23 жастағы тұрғыны Мәжтай Жаханшах киелі жерлерді зиярат етуге Ақтауға келіп хабар-ошарсыз кетті. Қазіргі уақытта туыстары онымен байланысты үзіп алғанан кейін іздеу салынған. 

Белгілі болған ақпарат бойынша  Мәжтай Жаһаншах Маңғыстау облысындаға киелі жерлерге зиярат ету ниетінде болған. 

Бұл туралы lider.kz сайтының еріктілері хабарлауынша, 27 мамырдан бастап Мәжтай туыстарымен байланысқа шықпаған көрінеді. Жақындары оның қайда екені туралы ештеңе білмейді. Жігіт сол кездері уақытша 17-шағын ауданда тұрып жатыпты. 

Әзірге бұған қатысты жергілікті полиция департаменті пікір білдірген жоқ. 

 

Маңғыстау облысы Зиярат ету Іздеу

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!