Новости Казахстана27 июня 2023, 17:42

Маңғыстауда балабақшаға қажетті принтер өз бағасынан 100 есе қымбат баға алынбақ болған

Маңғыстау облысында балабақша мемлекеттік сатып алу порталында принтердің бір данасын 10,7 млн теңгеден алмақ болғаны анықталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Біржан Хайруллин мәлімдеді. 

Өңірде мемлекеттік сатып алуды тиімсіз жоспарлайтын мекемелер бар. Мысалы, Түпқараған аудандық білім бөліміне қарасты мемлекеттік балабақшалардың бірі 32,1 млн теңгеге 3 дана принтер сатып алуды жоспарлаған. Яғни, принтердің бір данасын 10,7 млн теңгеден сатып алуды көздеген. Алайда, жоғарыда көрсетілген тауардың нарықтағы құны - 100 мың теңге. Департамент берген ұсыным хаттың негізінде мемлекеттік сатып алу жоспары қайта қаралып, 31 млн теңге қаражат үнемделді, - деді Біржан Хайруллин.

Меморгандар мен мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алатын тауар немесе қызмет бағасына мониторинг мемлекеттік сатып алудың жоспарлау сатысында және нарықтық көрсеткіштермен салыстыру арқылы жүргізіледі.

Маңғыстау облысы Принтер Балабақша

Новости по теме