Новости Казахстана5 июня 2023, 19:04

"Kazakhmys Energy" компаниясы ірі көлемде айыппұл арқалады

Ұлытау облысының прокуратурасы Жезқазған және Балқаш ЖЭО кіретін «Kazakhmys Energy» ЖШС жұмысына тексеру жүргізу кезінді 27 миллион теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Arbat.media.

Тексеру нәтижесі кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік, техникалық реттеу, электр энергетикасы, еңбекті қорғау салаларында, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар және басқа 600-ге жуық заңбұзушылық анықталған. 

Нысанды жаңғыртуға инвестициялардың болмауы, қабылданып жатқан шаралар ағымдағы ақауларды жоюмен шектелген, электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережелерін бұзу, жылу желілерінің температуралық кестелерін сақтамау, өлшеу құралдарын уақтылы салыстырып тексермеу және басқа да деректер бары белгілі болып отыр. 

Бүкіл заң бұзушылық бойынша уәкілетті органдардың атына 16 прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, кінәлі адамдар 27 миллион теңге сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бүгінгі таңда «Kazakhmys Energy» ЖШС 21 млн теңгеден астам сомаға айыппұл төледі. Оған уәкілетті органдар Жезқазған және Балқаш ЖЭО-да нақты іс шаралар мен орындау мерзімі, оның ішінде жабдықтарды жаңғырту керектігін көрсете отырып, заңбұзушылықтарды жою жөнінде ұйғарым енгізген.

Казақмыс Айыппұл «Kazakhmys Energy»

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!