Новости Казахстана24 апреля 2023, 23:11

Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды

Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қаңтар оқиғасына қатысты "мемлекетке сатқындық жасады", "билікті күшпен басып алмақ болды", "қызметін асыра пайдаланды" деп айыпталған  Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды. Сот үкімі бойынша Мәсімовтің мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметпен шеттетілді. 

Кәрім Мәсімовтің орынбасары болған Әнуар Садықұлов 16 жылға, Дәулет Ерғожин 15 жылға, Марат Осипов 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Садықұлв пен Ерғожиннің мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте істеуге тыйым салынып отыр. Бұл орайда Осиповке тек мемлекеттік қызметте істеуге шектеу қойылған. 

Аталған қылмыстық іс құпия жағдайда қаралып, төртеуі де генерал әскери шенінен және мемлекеттік наградалары кері қайтарылды. Айыпталған төртеуден мемлекетке 10 миллиард теңге мен 24 миллион доллар өндірілген. 

Әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Кәрім Мәсімов сот Үкім Қаңтар оқиғасы

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!