Новости Казахстана10 апреля 2023, 21:32

Ішкі істер министрлігі: ерікті түрде қару-жарақ тапсырғандарға бюджеттен 88 млн теңге бөлінді

Қару-жарақты өз еркімен тапсырғандарға 34 мыңнан бастап 345 мың теңгеге дейін ақшалай сыйақы төленеді. Төлем мөлшері қарудың түрі мен оның техникалық жағдайына қарай белгіленеді, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысов ІІМ өткен брифингте айтты.

Ішкі істер министрлігі халықтан заңсыз сақталған қау-жарақтарды сатып алу бойынша республикалық акцияны биыл 10 сәуірден бастады, оны өткізуге республикалық бюджеттен 88 млн теңгеден астам қаражат бөлінді, - деді Асылбек Ыдырысов.

Қару-жарақты тапсыру үшін кез келген аумақтық полиция органына барсаңыз болады.

Өтінішті тікелей полиция органдарының кезекші бөлімдеріне беруге болады немесе телефон арқылы жүгінген кезде, аталған заттардың орналасқан жеріне барлық қажетті іс-шараларды жүргізетін полиция қызметкері жолданады, - деп айтты Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы.

Ішкі істер министрлігі Қару-жарақ полиция бюджет

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!