Placeholder
Новости Казахстана14 марта 2023, 20:49

Илья Ильин ауыр атлетика федерациясының президенттігіне үміткер атанды

Төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин ҚР ауыр атлетика федерациясының президенттігіне үміткер атанды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы спортшы әлеуметтік желіде жазба жариялады.

Достар, Қазақстанның барлық зілтеміршілері мен барлық спортшыларынан мені Қазақстан Республикасы ауыр атлетика федерациясының президенттігіне кандидат ретінде қолдауларыңызды сұраймын. Өйткені мен үшін тек жаттықтырушылар мен жетекшілердің ғана емес, спортшылардың да пікірі өте маңызды, - деп жазды Илья Ильин. 

Илья Ильин Бейжің және Лондон Олимпиадасында чемпион атанған. Алайда Рио Олимпиадасының қарсаңында бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік оның сынамасынан тыйым салынған препараттарды тапқан болатын. Кейін ХОК оның екі Олимпиададағы нәтижесін жоққа шығарып, иеленген медальдарын кері қайтарып алды. Бұдан бөлек, ауыр атлет әлем біріншілігінде төрт, Азия Ойындарында екі рет жеңімпаз атанған. 

Таяуда Илья Ильин екінші рет отау көтеріп, беташар рәсімі отандық телеарналардың бірінде өткен еді. Оның алғашқы жарынан Милана есімді қызы бар. Спортшының бірінші некелескен әйелі Қазақстан ұлттық гандбол құрамасының мүшесі Наталья Ильина да көптеген жарыстарда жүлдеге қол жеткізді. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Илья Ильин (@ilyailyinforever)

 

Илья Ильин Ауыр атлетика сайлау Президент

Новости по теме