Placeholder
Новости Казахстана22 мая 2023, 22:53

Головкин мен Әлімханұлы The Ring нұсқасында көш бастады

The Ring орта салмақтың жаңа рейтингін жарияланып, онда үш қазақстандық боксшы кірді, деп хабарлайды  Arbat.media.

Тізімнің көш басында бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин тұрса, екінші орынға WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы тұрақтады. Сондай-ақ, тізімдегі Қазақстанның үшінші өкілі - WBO international белбеуінің иегері Мейірім Нұрсұлтанов сегізінші орында тұр. 

The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы ең мықты ондық тізімі мынадай:

  1. Геннадий Головкин (Қазақстан)
  2. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)
  3. Хайме Мунгия (Мексика)
  4. Карлос Адамес (Доминикан Республикасы)
  5. Лиам Смит (Ұлыбритания)
  6. Сергей Деревянченко (Украина)
  7. Эрисланди Лара (Куба)
  8. Мейірім Нұрсұлтанов (Қазақстан)
  9. Феликс Кэш (Ұлыбритания)
  10. Кіші Крис Юбэнк (Ұлыбритания).
 

Головкин Жәнібек Әлімханұлы бокс

Новости по теме