Placeholder
Новости Казахстана23 мая 2023, 19:21

FlyArystan ұшақтарына әуеде құстар соғылды

FlyArystan компаниясының ұшып келе жатқан екі әуе кемесіне құстар соғылып оқыс жағдай орын алды, деп хабарлайды Arbat.media.

Әуе рейстері Түркістан-Астана және Қостанай-Астана бағыты бойынша сапарға шыққан. Оқыс оқи туралы ақпаратты әуе компаниясының байланыс орталығы растап, қосымша ақпаратты жариялады. FlyArystan өкілдері осы оқиға салдарынан Астана – Қостанай және Қостанай – Шымкент бағыты бойынша басқа рейстер кейінге шегерілгенін хабарланған. Ұшақтардың шығу уақыты сағат 18:15-ке және 20:00-ге ауыстырылғаны белгілі болды. 

Билет құны толық қайтарылады немесе басқа күнге қайтадан билет алуға болады. Бұл жұмыстар ақысыз іске асырылады, - деп жазылған FlyArystan байланыс орталығы таратқан мәліметте. 

Таяула FlyArystan ұшағына найзағай түсіп, әуе кемесі шұғыл түрде қайта қонған еді. 

FlyArystan Құстар рейс

Новости по теме