Placeholder
Новости Казахстана1 июля 2023, 17:58

Елімізде қазақы ит тұқымдары сақтау туралы жаңа Заң күшіне енді

Бүгін елімізде қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі жаңа Заңы күшіне енді, деп хабарлайды Arbat.media.

Биылғы 3 қаңтарда "Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, онда қазақ ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздері белгіленген болатын.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі осы саладағы уәкілетті орган ретінде бекітілді. Жаңа Заңда уәкілетті органның құзыреті белгіленіп, ол тарап нормативтік-құқықтық актілерді бекіту, оның ішінде қазақ ит тұқымдарының Ұлттық орталығын құруды қолға алды. 

Қазақстанда алғаш рет құрылатын қазақы ит тұқымдарының Ұлттық орталығы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Охотзоопром" ӨБ " РМҚК-ның құрылымдық бөлімшесі болмақ. 

Қазақы ит тазы Заң

Новости по теме