Placeholder
Новости Казахстана26 декабря 2022, 17:42

Еліміде рөлі оң жақта орналасқан көліктерді біржолғы тіркеуге рұқсат берілетін болды

Елімізде шетелде тіркелген рөлі оң жақта орналасқан автокөліктерді біржолғы заңды тіркеуге қоюға рұқсат берілетін болды, деп хабарлайды arbat.media. 

Сенатта өткен жалпы отырыста Ішкі істер министрлігіне қарасты Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев айтты біржолғы заңдастыру жұмыстарының қалай жүріп жатқаны туралы мәлімдеді.

Рөлі оң жақта орналасқан көліктерді біржолғы заңдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Заң жобасына біз таяуда ғана ұсыныс енгіздік. Оң рөлді көліктер осы біржолғы заңдастыруға енгізіледі. Бүгінде Қазақстанда мұндай 20 мыңға жуық көлік бар, - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Аталған ұсыныс комитетте қолдау тапқан. Жалпы, Қазақстан бойынша рөлі оң жақтағы көліктерді тіркеуге заң бойынша 2007 тыйым салынған болатын.

Автокөлік ІІМ сенат Тіркеу

Новости по теме