Новости Казахстана27 апреля 2023, 18:12

Депутат Серік Күдебаевтың Түркияда өзін қашан ұстайтынын күтіп жатқанына таңданыс білдірді

Депутат Ермұрат Бәпи шетелде ұсталған Серік Күдебаевтың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media

Халық қалаулысы наурыз айында шекара арқылы шетелге бой тасалаған Серік Күдебаевтың Түркияда "мені қашан ұстайды" деп күтіп отырғаны таң қаларлық жағдай екенін атады. 

Қаңтар оқиғасының жұмбағы әлі жабылған жоқ. Негізі ашылмаған да болатын.  Қаңтар жұмбағы – қанды тақырып, қасіретті тақырып. Қаңтар қазақ үшін бөлек тақырып. Бұл тақырыптың жауабы егер алдағы қоғамдық, мемлекеттік комиссия құрылып, Қаңтар оқиғасына талдау жасап, содан кейін саяси баға берілген жағдайда ғана тақырып жабылатын шығар, - деді Ермұрат Бәпи. 

Сонымен бірге, Е.Бәпи Мәжілістеті ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің мүшесі ретінде Қаңтар шындығын ашуға сұрау салатынын жеткізді. Қаңтар оқиғасының қалай өткені туралы ақпараттарды жариялауға қатысты депутаттық сауал жолдау туралы айтып өтті. 

Құпиялығы ашуға мүмкіндік болатын жағдай болса, сұрау салып көремін, - деді Ермұрат Бәпи.

 Бүгін Серік Күдебаевтың шетелде ұсталып, елімізге арнайы рейспен жеткізілгені белгілі болды. Сонымен қатар, оның уақытша ұстау изоляторына қамалғаны ресми айтылды

Бұған дейін Алматы облыстық ПД басшысы болған Серік Күдебаевтың Қырғызстан арқылы бой тасағаланы белгілі болды. Халықаралық іздеу жариялаған ол Қаңтар оқиғасында жұмыс орнын тастап кеткені үшін айыпты деп танылып, кейін оған қатысты сот отырысы бірнеше рет өткен. Мемлекеттік айыптаушы Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Алайда ПД бұрынғы басшысы денсаулығына байланысты ауруханаға жатқызылған болатын.  

Серік Күдебаев депутат Ермұрат Бәпи

Новости по теме