Placeholder
Новости Казахстана26 сентября 2023, 16:08

Cейсмика талабына сай келмейтін құрылысқа рұқсат берілмейді

Мамандар сейсмика аудандастыру картасын әзірлеп, құрылыс ережеге сәйкес жүргізілетінін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Сейсмология институты директорының орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков мәлім етті.

«Жер сілкінісі қауіпін анықтау мәселесі бойынша, қазір еліміздің сейсмолог мамандары өздерінің ғылыми бағдарламалары бойынша қауіпті аймақтарды аудандастыру картасын жасады. Олар өндіріске енгізілді. Картада елдің сейсмологиялық материалдары, сейсмологиялық құжаттар мен деректер бар. Сондай-ақ құрылыс нормалары жасақталды. Осыны басшылыққа ала отырып Қазақстанда құрылыс сейсмикалық ережеге сәйкес жүргізіледі», – дейді Нұрсәрсен Өзбеков.

Карталардың негізінде қай жерде, қай елді мекен аумағында жік барын немесе топырақ ерекшеліктеріне байланысты сол жерде тұрған ғимараттардың жер сілкінісіне төзімділігін нығайту қажеттілігін анықтауға болады.

сейсмика талабы ереже Жер сілкінісі Құрылыс

Новости по теме