Placeholder
Новости Казахстана8 июня 2023, 16:43

Бұқтырмада су бетінен табылған мұнай тамшыларына қатысты тексеру жұмыстары басталды

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасынан табылған майлы даққа қатысты экологиялық тексеру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасына мұнай төгілгені туралы бейнежазба жария болған еді. 

Осыдан кейін облыстық экология департаментінің мамандары тексеру жұмыстарын жүргізуді қолға алды. 

Барлау барысында расымен де Бұқтырмадан майлы дақ табылды. Алдын ала дерек бойынша бұған су көлігінен жанар-жағармайдың ағуы себеп болған. Қазіргі уақытта Ұлан және Алтай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері су көлігін анықтау жұмысын жүргізіп жатыр, - деді аталған департаменттің баспасөз қызметіндегілер. 

Қазіргі уақытта экология департаментінің мамандары оқиға орнынан су сынамасын алған. Алайда су бетіндегі дақтың нақты неден пайда болғаны зертханалық тексерулерден кейін белгілі болатыны айтылды. 

Бұқтырма су қоймасы Мұнай экология

Новости по теме