Placeholder
Новости Казахстана24 апреля 2023, 22:17

Бокстан АҚШ пен Еуропа елдері қатыспайтын Ташкенттегі әлем чемпионатына баратын Қазақстан спортшылары белгілі болды

Ташкентте 1 мамырда бокстан басталатын әлем біріншілігіне қатысатын қазақстандық боксшылар белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Еліміміздің спортты дамыту дирекциясы ұлттық құрама боксшылары Шымкент қаласындағы «Алма-Тау» базасында соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқанын мәлімдеді. 

Әлем чемпионатына баратын үміткерлерді біз ұзақ уақыт әрі тиянақты іріктедік. Жыл басынан бірнеше оқу-жаттығу жиынын өткіздік, жігіттерді түрлі жарыстарға апардық. Әр боксшыға қатысты сараптама жасадық. Ссондықтан әрқайсысының шамасын білеміз. Әлем чемпионатына бірінші рет қатысатын 3 былғары қолғап шеберіміз бар. Олар жас болса да, тәжірибесі толысқан, бокс әлемінде алар орны бар. Халықаралық аренада намысты қолдан бермейді деген сенімдемін, - деді бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов.

Өзбекстанда өтетін әлемдік біріншілікте сынға түсетін боксшылар есімі: 

48 келі - Санжар Тәшкенбай

51 келі - Сәкен Бибосынов

54 келі - Махмұд Сабырхан

57 келі - Серік Теміржанов

60 келі - Талғат Сырымбетов

63,5 келі - Санатәлі Төлтаев

67 келі - Дулат Бекбауов

71 келі - Асланбек Шымбергенов

75 келі - Нұрқанат Райыс

80 келі - Нұрбек Оралбай

86 келі - Сағындық Тоғамбай

92 келі - Айбек Оралбай

+ 92 келі - Қамшыбек Қонқабаев.

Әлем чемпионаты 1-14 мамыр күндері аралығында өтеді. Өзбекстандағы сынға 104 елден 600-ден аса былғары қолғап шебері қатыспақ. Бұған дейін бокстан әлем чемпиоанатына байкот жариялаған елдер анықталған болатын. Оның ішінде АҚШ, Ирландия, Ұлыбритания, Украина қатысудан бас тартқан болатын. Бұл тізімге таяу күндері Германия мен скандинав елдері қосылуы мүмкін. 

Сонымен бірге, Чехияның бокс қауымдастығы ІВА-ға балама болатын халықаралық бокс қауымдастығын құру туралы бастамасын хабарлаған еді. Ал Қазақстан бокс федерациясы Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына ұлттық құраманың қатысатынын мәлімдеді. 

Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры – 5,2 миллион долларды құрайды. Әр салмақтағы жеңімпазға алтын медальмен бірге 200 мың доллар табысталады. Күміс жүлдегерлерге 100 мың доллар және қола медаль иесіне 50 мың АҚШ беріледі.

 

бокс ташкент Әлем чемпионаты

Новости по теме