Placeholder
Новости Казахстана29 марта 2023, 15:58

Биыл аудан мен қала әкімдерінің сайлауы өтеді - Тоқаев

VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы ашылуында Қасым-Жомарт Тоқаев биыл аудан және қала әкімдерінің сайлауы өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.

Реформаларды жалғастыру мен саяси құрылымды жетілдіру туралы айтқан мемлекет басшысы биыл елімізде әкімдер сайлауы өтетінін атады. 

Биыл алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау өтеді. Содан кейін еліміздегі барлық аудан әкімдерін сайлайтын боламыз. Осылайша, биліктің барлық институттары жаңарып, тың қарқынмен жұмыс істей бастайды. Біз саяси үдерісті демократияландырып, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейте береміз, деді Қ.Тоқаев. 

Сондай-ақ, реформа жасау елге қауіп төндіруі мүмкін деп айтатындарға тоқталды. 

Бәріміз мына бір өте маңызды нәрсені түсінуіміз керек. Қазақстан – осы геосаяси аймақта түбегейлі реформа жүргізіп жатқан бірден-бір ел. Кейбір адамдар, солардың ішінде саясаткерлер де бар, осындай реформалар Қазақстанға қауіп төндіруі мүмкін деп айтады. Бірақ мен осы өзгерістердің барлығы, ең алдымен, ел болашағы үшін ауадай қажет деп ойлаймын. Алған бетімізден қайтуға болмайды. Керісінше, заң үстемдігі, халық бірлігі, әлеуметтік әділдік және ішкі саяси тұрақтылық секілді іргелі құндылықтарға баса мән бере отырып, реформалар жолымен алға қарай нық қадам басуымыз керек, деді президент. 

Сессияның ашылуында Қ.Тоқаев көптеген жайттарға тоқтала келе, биылдан бастап елімізде мәдениет қайраткерлеріне "Халық әртісі" атағы берілетінін жеткізді. Сонымен қоса, депутаттарға жеке мүддені көздеп, популизмге жол бермеуді атап өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлау Әкім

Новости по теме