Бірінші сәуірден бастап жанармай бағасы өседі
Еліміздің энергетика министрлігі автожанармай құю станциялары үшін мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге шекті бағаларды көтеруге дайын, деп хабарлайды Arbat.media.
Осы бұйрықтың жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды. Мәліметтерге сәйкес, жанармай бағасы келесідей көтеріледі:
1) Аи маркалы бензин-80 – 93 161 тоннасына теңге;
2) Аи-92 және Аи маркалы бензин-93 – 193 649 тоннасына теңге;
3) дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – тоннасына 236 156 теңге;
Орташа көрсеткіш бойыша АИ-92 жанармайының бағасы литріне 6-7 теңгеге, ал дизель отынына 12-14 теңгеге өспек.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың қаңтарында бағаны мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесі және оларды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасы өзгертілген болатын. Оған Аи-80, Аи-92, Аи-93 жанармайы және жазғы дизель отыны кірді. АИ-95 маркалы бензин реттелетін тауарлар тізбесінен алынып тасталған.
Бір айдан кейін мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге қатысты жаңа талаптар қабылданды. Енді мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілер мұнай базасының меншігінде болуы немесе оларды кемінде 1 жыл мерзімге жалға алуы керек.