Placeholder
Новости Казахстана5 июня 2023, 14:40

Баспана бағасы: 13 қала пәтер арзандап, 4 қалада қымбаттады

Қазақстанда мамыр айында баспана бағасының төмендегені байқалды. Еліміздің 13 қаласында баға айтырлықтай төмендеген, деп хабарлайды Arbat.media.

Krisha.kz-тің жазуынша, төрт қала үй бағасы керісінше қымбаттаған. Жүргізілген мониторинг бойынша мамыр айының қорытындысы бойынша орташа баға 374 556 теңгені құраған. Бұл сәуірмен салыстырғанда 0,4 пайызға аз.

Баға қатты төмендеген қалалардың ішінде Астанада — 1,3%, Өскеменде — 1,2%, Атырау — 1%, Алматы — 0,9% төмендеген. Ал Шымкентте, Таразда (+0.2 %), Семейде (+0.4 %), Ақтауда (0.5 %) көтерілген көрінеді. Мамыр айының қорытындысы бойынша 1 шаршы метрдің ең жоғары орташа бағасы Алматыда — 706 мың, Астанада — 475 мың, Шымкентте — 433 мың теңгені құрады. Ал ең төмен баға Қызылордада (236 мың), Ақтөбеде (293 мың), Таразда (306 мың) тіркелген.

Жыл басынан бері екінші нарықтағы пәтерлер айтарлықтай қымбаттай түсті (+0,4 %). Ең қатты өсім – Ақтауда +4,2 %, ең төмені Көкшетауда — 3,3 пайыз болған.  Жалпы бес айда 12 қалада баспана қымбаттағаны байқалып отыр. Оның ішінде Алматыда, Шымкентте - 2%, бес қалада, соның ішінде Астанада — 1,7 % арзандады. 

Ал, бір жылдық динамика бойынша (2022 жылдың мамырынан 2023 жылдың мамырына дейін) екінші нарық орташа 3,8 %-ға қымбаттаған. Бұл ретте ең жоғары өсім Ақтауда - 13,4 %. Ең төмені Талдықорғанда — 5,2 % болып отыр. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баға Баспана Қазақстан

Новости по теме