Новости Казахстана5 января 2023, 20:39

"Кәрім Мәсімов төңкеріс жасаушы, Самат Әбіш куәгер" - Бас прокурор

Мәжіліс кулуарында Бас прокуро Берік Асылов Кәрім Мәсімовті қаңтар оқиғасын ұйымдастырған басты адам ретінде атады, деп хабарлайды Arbat.media.

 "ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің 2022 жылы болған қаңтар оқиғасын ұйымдастырды ма?" деген сауалға Бас прокурор жауап берді. 

Иә, солай деп айтуға болады, - деді Берік Асылов.

Сондай-ақ, ол ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштің қаңтар айындағы оқиғаларды тергеу бойынша қылмыстық істе қандай мәртебеге ие екендігіне жауап берді. Бұл ретте Бас Прокурор Елбасының туысы қылмыстық істің қатысушысы емес екенін атап өтті.

Одан тек жай ғана куәгер ретінде жауап алынды. Тек куәгер", - деп түсіндірді Бас Прокурор.

Василов қылмыстық іс қазіргі уақытта тергеу сатысында екенін, сондықтан күдіктілердің жауапкершілігі туралы мәселе соңында қабылданатынын атады. 

 

Кәрім Мәсімов Берік Асылов Төңкеріс Бас прокурор

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!