Placeholder
Новости Казахстана21 февраля 2023, 21:35

Бақытгүл Хаменованың шағымын сот қанағаттандырмады

Атырауда апелляциялық сот облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне байланысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Arbat.media. 

Хаменованың қайта шығымынан кейін апелляциялық сот былтыр шыққан үкімді еш өзгеріссіз күйінде қалдырып отыр. Сот барысында Хаменова өзінің пікірін білдірді. 

Бүгінде қарға қарғаның көзін шұқыған жоқ. Өңірдегі судьялардың дербес, әділ шешім шығаруда ешқандай билігі жоқ екендігіне көз жетті. Өңірдегі құқық қорғау органдарына​ сенің ақиқатыңның құны көк тиын. Менің ешкімім жоқ. Оны бәрі біледі. Ендігі үмітім тек Жоғарғы Сотта. Адамның сотынан құтылғанмен, Алланың сотынан ешкім құтылмайды. Мен өзімнің шындығымды, ақтығымды дәлелдеу үшін соңына дейін күресемін, - деді Бақытгүл Хаменова өз сөзінде. 

Атырау облысы әкімінің орынбасары болған Бақытгүл Хаменова мен Атырау облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев 2021 жылы мердігерден ақша алды деп айыпталған болатын. Олар Атырау қаласында Абай ескерткішін орнатуға бөлінген 145 миллион теңге сомасына "мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС басшысынан 4,5 миллион теңге пара алды" деген күдікке ілініп, артынша қамауға алынған болатын. 

Бақытгүл Хаменова сот Аппеляция Атырау облысы

Новости по теме