Новости Казахстана25 сентября 2023, 15:40

Банк қызметін пайдалануға 55 мыңнан астам алматылыққа шектеу қойылады

Банк қызметін пайдалануға 55 мыңнан астам алматылыққа  шектеу қойылады, - деп хабарлайды Arbat.media.

2 қазанда мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады, ал 55 мыңнан астам алматылық індеттемесін орындамаған. 

Төлем мерзімінің аяқталуына бірнеше күн қалса да, 55 644 тұрғын 735 млн теңгеге салық төлемеген.

«Төленбеген салықтың негізгі сомасы Медеу ауданының тұрғындарына тиесілі, сомасы – 315 млн теңге. Төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін салық төлемеген тұлғаларға салық заңнамасының нормаларына сәйкес банктік қызметтер қолжетімсіз болады. Оның ішінде банктік шот ашу, аударымдар жасау, несие рәсімдеу және тағы басқалары бар. Бұл Салық кодексінде қарастырылған», - дейді Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаменті.

"Толық міндеттемесін орындамаған меншік иесіне әрбір кешіктірілген күн үшін Ұлттық банк белгілеген ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде айыппұл салынады. Салық органдары мәжбүрлеп өндіріп алу мақсатында сот орындаушыларына салық бұйрықтарын жібереді. Олар борышкерлерге қатысты мүлікке және банктік шоттарға тыйым салу, сондай-ақ елден тыс жерлерге шығуды шектеу шараларын қолданатын болады. Қарыз сомасының 25 пайызы сот шығындарына ұсталады", - дейді Алматы мемлекеттік кірістер департаменті.

 

банк қызметі тыйым салу Қазақстандықтар мүлік салығы

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!