Новости Казахстана19 сентября 2023, 16:10

Балаларды мектепке қабылдау тәртібі өзгереді

Балаларды мектепке қабылдауға қажет құжаттарды тапсыру мерзімі өзгеруі мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Оқу-ағарту министрлігінің бұйрық жобасында жазылған.

Бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжат қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап жүзеге асырылады.

Қолданыстағы талап бойынша бірінші сыныпқа баратын балалардан құжат қабылдау 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында жүреді.

Енді ол тамыздан кейін де жалғаса беруі ықтимал. Себебі бұған дейін бекітілген аяқталу уақыты алынып тасталады.

Және де 10, 11, 12-ші сыныптарға оқушылардан құжат қабылдау мерзімі өзгереді.

оқу жылы Білім беру құжат тапсыру

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!