Placeholder
Новости Казахстана30 мая 2023, 13:55

Бакуде Қазақстан елшісі Ильхам Әлиевке сенім грамотасын табыстады

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанның Әзербайжандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Әлім Байелдің сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстандық дипломат бауырлас Әзербайжан Республикасында елінің атынан қызмет атқару өзі үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті. Ә. Байел Қазақстан мен Әзербайжан мемлекет басшыларының тапсырмалары шеңберінде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі ілгерілету бойынша жұмыс істейтінін айтты.

Сұхбат барысында Әзербайжан Президенті И. Әлиев екі ел арасындағы ынтымақтастық деңгейінің қарқынына көңілінің толып отырғанын айта келе, өзінің Қазақстанға жасаған сапары мен Қазақстан Президентінің Әзербайжанға жасаған сапарының ықпалдастықтың кеңеюіне үлкен серпін бергенін атап өтті. Әзербайжан басшысы өзі мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арасындағы сенімге негізделген қарым-қатынастың қазақ-әзербайжан бауырластық байланыстарын одан әрі нығайтудың кепілі екендігін тілге тиек етті.

 

 

 

баку Елші Ильхам Әлиев

Новости по теме