Новости Казахстана3 апреля 2023, 18:15

Атырауды қамыс өртінің түтіні басты

Атырау облысындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында 2 сәуірден бастап бүгінгі күні дейін 89 га қамыстың жанып кетті, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазіргі уақытта өрт аумағының 82 гектары өшірілді.  Қалған 7 гектар қамысты қазір өрт сөндірушілер ауыздықтап жатыр. 

 Өртті өшіру үшін ТЖД 40 қызметкер, 4 бірлік техника және "Ақжайык" табиғи резерватынан 30 адам 9 бірлік техника жұмылдырылды. Жану аумағы батпақты жерлерде орын алуына байланысты және екпінді жел әсерінен өртті өшіру қиындық туғызып, өрттің тез таралуына әкеліп отыр.  Өрттің себебі мен шығыны өрт толықтай жойылғаннан кейін анықталатын болады. Халықты қатты түтін туралы хабардар ету бұқаралық ақпарат кұралдары арқылы және «Дармен» қосымшасымен жүзеге асырылды, деді Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер. 

 Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығу себебі адамдардың әсерінен болған болуы мүмкін. Ал өрт салдарынан әзірге шығын тіркелген жоқ. Себебі, өрт орын алған аумақ теңіз жағалауы аумағында болғандықтан елдімекендерден алыста орналасқан. 

Сонымен бірге, өрт түтінінен зардап шеккен тұрғындар әзірге тіркелмеді. Атырау облысында диспансерлік есепте тұрған науқастар жүз отыз мыңның шамасында болғанымен, әзірге жедел жәрдем қызметіне ешкім түтінге байланысты денсаулығына шағым айтып, жүгінбеген. 


 

    

 

Атырау облысы Өрт Төтенше жағдай Қамыс

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!