Новости Казахстана29 сентября 2023, 13:17

Астанада зираттарды цифрландыра бастады

Елордада зираттарды цифрландырып, арнайы сайтта мәліметтер базасы жасақталып жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Астана қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов:

Былтыр елордада жерлеу және жерлеу ісі бойынша мониторинг жүргізіліп, бірқатар проблема анықталды. Биыл әкімінің төрағалығымен жерлеу және жерлеу ісіне қатысты жиналыс өткізіп, тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін  кеңсе ашылды. Мәйітке арналған жер телімін берудің ашықтығы, қызметтердің құнын төлеу, жерленген адамдарды іздеу, конфессияаралық қақтығыстардың алдын алу мақсатында қалалық Цифрландыру басқармасымен бірлесіп, zherleu.astana.kz сайтында мәліметтер базасы жасақталып, 28 зират цифрландырылды.

Сайт Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тарапынан мақұлданғаннан кейін қосылады. Және Н.Тілендиев даңғылы мен жаңа зиратта бейнебақылау камераларын орнатуға және жедел басқару орталығымен интеграциялау мақсатында қаражат бөлінді.

Астана Зират цифрландыру

Новости по теме