Новости Казахстана22 мая 2023, 22:25

Астанада халықаралық іздеуде жүрген германиялық азамат ұсталды

Зорлық-зомбылығы үшін халықаралық іздеуде жүрген Германия азаматы Астанада ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Көліктегі полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Астана қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 2019 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 1960 жылы туған Германия азаматын ұстады.

Қылмыскер Германияның ҚК 177-бабында көзделген қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған. Қазір ол Астана ПД-ның УҰИ-ға қамалды, - деді ІІМ-нің баспасөз қызметіндегілер. 

ІІМ Іздеу Германия

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!