Placeholder
Новости Казахстана21 апреля 2023, 22:40

Астанада сәуір айының соңында пара дзюдодан Азия чемпионаты өтеді

28-30 сәуір күндері Астанада пара дзюдодан Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Arbat.media

Сары құрлық біріншілігіне Азияның 11 елінен 80-нен астам татами шебері қатысады. Астана татамиінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Жапония, Моңғолия, Үндістан, Қытайлық Тайпей, Индонезия, Иран, Оңтүстік Корея және Тайланд спортшылары сынға түседі. Бұл туралы Қазақстан пара дзюдо федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Аталған жарыста Қазақстан ұлттық құрамасынан J1 және J2 санаты бойынша 22 дзюдошы бақ сынамақ. 

Азия чемпионатына дайындық тыңғылықты жүріп жатыр. Қазіргі таңда құрама Алматыда жарыс алдындағы соңғы қорытынды жаттығу жиынында шеберліктерін шыңдауда. Азия чемпионатына қатысатын спортшылар қатарында тәжірибелі балуандар да, жас спортшылар да бар. Құрлықтық бәсеке өз елімізде өтетін болғандықтан жауапкершілік өте жоғары. Спортшыларымыздың физикалық, психологиялық тұрғыдан жағдайлары жақсы. Елордамызда өтетін жарыста құрамадағы әрбір спортшы нәтижелі күрес көрсетеді, ел намысын абыроймен қорғайды деп сенемін, - деді пара дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Жандос Қиянов.

Азия чемпионаты Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Пара дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі келесідей:

Әйелдер:

J2 -48 кг: Ақмарал Науатбек;
J1 -57 кг: Альфия Тілекқабыл, Дилором Диханова;
J2 -57 кг: Даяна Федосова;
J1 -70 кг: Динара Куджулова;
J2 -70 кг Диана: Бөлекова;
J1 +70 кг: Зәуре Айтек.

Ерлер

J1 -60 кг: Мұрат Мадинов, Темірболат Ташекенов; 
J2 -60 кг: Ануар Сариев;
J1 -73 кг: Ерғали Шамей, Асылан Нұрдаулетов;
J2 -73 кг: Олжас Оразалылұлы, Азамат Нокушев;
J1 -90 кг: Абылай Әділбеков, Бауыржан Арыстанбеков;
J2 -90 кг: Жанбота Аманжол, Ғалымжан Смағұлұлы;
J1 +90 кг: Ерлан Өтепов, Бағлан Оңалбек;
J2 +90 кг: Ерлан Конкиев, Талғат Ажғалиев.

Парадзюдо Азия чемпионаты спорт Астана

Новости по теме