Новости Казахстана27 апреля 2023, 19:34

Ақжол Махмұдов Алматыда Роман Власовтан басым түсті

Алматыда Поддубный балуандар лигасы аясында грек-рим күресінен екі дүркін Олимпиада чемпионы Роман Власов пен Олимпиада Ойындарының күміс жүлдегері қырғызстандық Ақжол Махмұдов 77 келіде сынға түсті, деп хабарлайды Arbat.media

Жанкүйерлер асыға күткен белдесуде қырғыз спортшысы 1:1 есебімен басым түсті. Алғашқы кезеңде ресейлік балуан бір ұпай иеленген. Алайда екінші кезеңде Ақжол Махмұдов есепті теңестіріп, нәтижесінде белдесу жеңімпазы атанды. Айта кетерлігі, күрес барысында қос балуан да бір-біріне әдіс жасап, ұпай иеленуге еш мүмкіндік бермеді. Тек төреші белгілеген уақытта төрттаған арқылы бір ұпайдан еншіледі. 

Роман Власов Лондон және Рио Олимпиадасының чемпионы. Сонымен бірге, әлем біріншілігінің үш және Еуропа чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы. Ол соңғы рет 2021 жылы Ослода өткен сында әлем чемпионы атанды. Қырғыз стан спортшысы 77 келіде Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері. Ақжол Махмұдов былтыр Сербияда өткен әлем біріншілігінде чемпион атанды. Сонымен қоса, ол Азияның үш дүркін жеңімпазы, бес жыл бұрын Джакартада өткен Азия Ойындарының күміс жүлдегері. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Sport 🇰🇿🌏 (@sport_alemi7)

Роман Власов Ақжол Махмұдов Грек-рим күресі

Новости по теме